Көршімді саттым
Көршімді саттым

Әбул-Асуад әд-Дуалидің (Алла оны рақымына бөлесін) Басра қаласында бір үйі болған екен. Алайда көршісі көп мазасын алады екен. Шыдай алмаған Әбул-Асуад әд-Дуали үйін сатып жібереді. Үйін сатқаннан кейін көрген адамдар: «Үйіңді сатып жіберіпсің ғой»,-дейді. 
Әбул-Асуад әд-Дуали: «Мен үйімді сатпадым. Көршімді саттым»,-деген екен. 
P/S Көршілік қазіргі таңда көп адам мән бермейтін дейгейге жетті. Кейін бала айтқанды тыңдамайды деп ренжиді. Қазақ "Ұлың өссе ұлы жақсымен, қызың өссе қызы жақсымен көрші бол" деп нендей керемет айтқан.

Бауыржан Әлиұлының фб парақшасынан алынды. 

Тәуекел СұлтанТәуекел Сұлтан
9 ай бұрын 562
0 пікір
Блог туралы