Сауапты ісіміз көп болсын!
Бір кісі ғалым Бишр ибн Хариске келіп: «Мен Ибраһим ибн Әдһамның жолын ұстанғым келеді. Бұл қалай болмақ?»деп сұрайды. Бишр: «Сенің оған шамаң жетпейді»,-деп жауап береді. Ол: «Неге?» деп сұрайды. Бишр: «Себебі Ибраһим сөйлемей амал жасайтын. Ал сен болсаң әуелі сөйлейсің, бірақ жасаған ешбір амалың жоқ» -деген екен. P/S Сөйлеген сөзімізден гөрі жасаған амалымыз көп болсын! Жұма мүбарак! Бауыржан Әлиұлының парақшасынан алынды