Әбдісаттар қожекең жайлы...
Әбдіссатар қожекең біздің елге күйеу болатын. Көрген жерде "қайнағам" деп қатты сыйлайтын. Орынды әзілдескенді жақсы көретін. "Сен" деген сөзді қолданғандығын естіген емеспін. Ешкімді бөліп-жармайтын. Бәрін бауырындай көретін. Кездескен мәжілістерде ақыл-кеңесін айтудан танбайтын. Біреудің сүрініп, діни мәселе жөнінде қателескендігін естісе, "онымен сөйлесу керек екен", "мұнысы дұрыс болмапты", "ол өзіміздің шәкірт қой, онымен сөйлесеміз бұл жөнінде", "мен оны танимын, ол ондай жігіт емес, "олай қатты кетпеңіз, дұрыстап отырып түсіндірсе түзеліп кетеді" тағы да басқа жылы сөздерді айтып жамандыққа қимайтын. Күні кеше мұсылмандық қасиеттерді бойына сіңірген сол азаматтың жаназа намазына қатыстық. Алла рақымына бөлесін! Жаны жұмақтан жай тапсын!
Бауыржан Әлиұлының парақшасынан алынды