Әділ әкім.
Әділ әкім.

Халифа Һарун Рашид (149-193/766-809) бас уәзірі Яхия ибн Халид әл-Бәрмәкимен (190-807) ат үстінде Бағдат қаласының көшелерінің бірінде келе жатады. Кенеттен халифаның көзі жүк толы керуенге түседі. Жанында келе жатқан нөкерлерінің бірін керуен жайында біліп келуге жұмсайды. Жіберген нөкері қайта шауып келіп: «Бұл сіз Хорасанға аймағына әкім етіп тағайындаған Иса ибн Мәһанның сізге жіберген тартуы екен» дейді. Жаңа әкім Иса ибн Мәһан бас уәзірдің ұлы Фадлдан кейін әкім болып тағайындалған болатын. Халифа дереу бас уәзіріне қарап: «Осы керуенге жүк боларлық тарту-таралғы сенің балаң Хорасанға әкім болған тұсында қайда еді?» деп сұрайды. Бас уәзір: «Қайда болушы еді?! Иелерінің үйінде болатын» деп жауап берген екен.

Бауыржан Әлиұлының парақшасынан алынды.

Тәуекел СұлтанТәуекел Сұлтан
8 жыл бұрын 2982
0 пікір
Блог туралы