Ақсақалы бар ел
Ақсақалы бар ел

Әйгілі Варна шайқасында Осман II Мұрат (1404-1451) соғыс майданында өлген дұшпан әскерінің кіл жас жігіттерден құралғандығын байқайды. Жанында келе жатқан қолбасшының біріне: «Қарашы! Оғаш емес пе? Осыншама өліктің ішінен бірде-бір ақсақалды кісіні көрмедім. Бәрі жап-жас жігіттер» дейді. Қолбасшы: «Падишаһым! Араларында бір ақсақал кісі болса, осындай бәлекетке ұрынар ма еді?» деген екен. 
P/S Жастарымыз ақсақалдарымыздан тәжірибе үйреніп, ақсақалдарымыз жастарымызды қолдауды жазсын! Себебі тәжірибе мен шынайы қолдау сатылатын дүние емес.

Бауыржан Әлиұлының парақшасынан алынды.

Тәуекел СұлтанТәуекел Сұлтан
7 жыл бұрын 2616
0 пікір
Блог туралы