Имани кемелдік
Имани кемелдік

Тақуалығымен танылған сопы Сәри ибн Муғаллис әс-Сақати (253): Бір «Әл-хамду лилләһ (Құдайға шүкір)» деп айтқан сөзім үшін отыз жылдан бері истиғфар (күнәмнің кешірілуін сұрап) етіп келемін. Жанында отырғандар: «Бұл қалайша?»деп сұрайды. Ол: «Бағдатта үлкен өрт болған еді. Алдымнан бір кісі шығып: «Сенің дүкенің өрттен аман қалды» деді. Мен сол сәтте «әл-хамду лилләһ (Құдайға шүкір)» деп айттым. Сол күннен бері өзімді өзгелерден артық көріп, жақсылықты тек бір басыма қалағаныма өкініп келемін» деген екен. 
P/S Мұсылман кісі өзіне қалаған жақсылығын, өзгеге қаламайынша имани кемелдікке қол жеткізе алмайды. Қайырлы күн! Күндеріңіз сәтті сауапты істерге толы өтсін!

Бауыржан Әлиұлының фб парақшасынан алынды. 

Тәуекел СұлтанТәуекел Сұлтан
7 жыл бұрын 2475
0 пікір
Блог туралы