Жан ауырады ма?
Жан ауырады ма?

Имам Шағбиден біреу келіп: «Адамның жаны ауырады ма?» деп сұрайды. Шағби: «Иә ауырады. Жаман, нашар адамдардың себебінен ауырады» деп жауап берді. Шағбидің жақсы таныстарының бірі: «Бір күні Шағбидің тұсынан өттім. Екі нашар адамның ортасында отыр екен. Жан қалай?» деп сұрадым. Ол маған қарап: «Өлімалды арпалыстың, жанталастың күйін кешіп отыр» деп жауап қатты. 
P/S Жанымызда жақсы жандардың болуын тілейік! Қайырлы күн! Күндеріңіз сауапты, сәтті өтсін!

Бауыржан Әлиұлының парақшасынан алынды. 

Тәуекел СұлтанТәуекел Сұлтан
7 жыл бұрын 2484
0 пікір
Блог туралы