Жеткізе білу
Жеткізе білу

Халифа Һарун Рашид әдетінше ел аралап жүргенде бір аймақтың тұрғындары сайлаған әкімнің үстінен шағым айтады. Халифа: «Өтірік айтасыңдар! Мен оны әділ деп білемін. Сендерге жасаған жақсығын да білемін» дейді. Тұрғындардың арасынан бір ақсақал шығып: «Уа, момындардың әміршісі! Бұл өзге аймақтарды елемей, біздің аймаққа деген нендей айрықша махаббат?! Бұл әкіміңнің біздің елде әкім болып әділдік көрсеткеніне бес жыл жүзі болды. Біздің аймақтан басқа аймаққа мына әкіміңді ауыстырсаңшы өзге аймақтарға да әділдігінің шарапаты тисін. Баршамыз бірдей тыныштық көрер едік» дейді. Халифа күліп жіберіп, әкімді қызметінен алған екен. 

Бауыржан Әлиұлының парақшасынан алынды

Тәуекел СұлтанТәуекел Сұлтан
8 жыл бұрын 2739
0 пікір
Блог туралы