Кешіру
Кешіру

Халифа Мәмун билікті тартып алуды көздеп қол жинап бас көтерген туысы Ибраһим ибн әл-Мәһдиді қолға түсіреді. Артынша уәзірі Ахмет ибн Әбу Хулд әл-Ахуалмен туысын қалай жазалайтындығы жөнінде кеңеседі. Халифаны ден қойып тыңдаған уәзір: «Уа момындардың әміршісі! Егер оны өлім жазасына кессеңіз, сіздің теңдестеріңіз көп болмақ. Ал оған кешірім жасасаңыз, сіздің теңдесіңіз болмайды» деген екен. 
P/S Кез келген адам қателіктің жазасын бере алады. Алайда көпшілік жан кешіре алмайды. Арамызда орын алған қателіктерді кешіре білейік! Жұма мүбарак!

Бауыржан Әлиұлының фб парақшасынан алынды. 

Тәуекел СұлтанТәуекел Сұлтан
7 жыл бұрын 2640
0 пікір
Блог туралы