Мұса пайғамбардың (алейһис-сәлемнің) дұғасы
(Уа, Алла!) Сен – біздің қамқоршы иемізсің, бізге кешірім ет, рақым ет! Өйткені Сен – кешірушілердің ең қайырлысысың! (Ағраф сүресі, 155 аят)
Кешірім, бір адам мен келесі бір адамның арасында да болуы мүмкін. Алайда біз Раббының (Алла Тағаланың) кешірімінің барша мақлұқат (жаратылыс) атаулының кешірімінен жоғары тұратындығын білеміз. Себебі кешірім жасаған адам кейде кешірімін рия үшін жасайды, кейде мақтан үшін кешірім береді. Ал кей уақытта қарсы тараптың күштілігінен қорқып кешірім жасайды. Бірақ Алла Тағала ешкімнен қорықпайды. Һәм ешбір құн, төлем талап етпейтін кешірушілердің ең қайырлысы. Шейх Шағрауи
P/S Мұса пайғамбардың дұғасын жаттап, Жаратқан иемізден күнделікті кешірім сұрайық.
Бауыржан Әлиұлының фб парақшасынан алынды.