Құсқонбас мешітінің тарихы
Құсқонбас мешітінің тарихы

Құсқонбас мешіті

Мешіттің ел арасында дәл осындай атаумен аталуының басты себебі салынған уақытынан бері "ешбір құстың қонбағандығы және саңғырығының" тимегендігімен тікелей байланысты. Халық арасында осы атаумен танылған мешіттің негізгі атауы - Шәмси Паша мешіті. Ескі дереккөздерде «Шәмси Ахмет Паша мешіті» деген атаумен кездеседі. Мешіт 1580 жылы Осман халифатының әйгілі әйгілі уәзірлерінің Шәмси Ахмет Пашаның (1492-1580) қаражатына салынған. Шәмси Ахмет Паша мешіт құрылысын жүргізуді  әйгілі сәулетші Мимар Синанға (1489-1588) тапсырған. Мешіт Стамбул қаласының, Ускудар ауданында, теңіз жағалауының бойында орналасқан. Мешітің «Құсқонбас» мешіті деп аталып кетуіне қатысты бірнеше дерек бар. Сол деректердің бірінде мешіттің бұлай деп алып кетуінің басты себебі ретінде «Шәмси Ахмет Пашаның кісілігі, тұлғалық қасиетіне қатысты екендігі айтылған. Паша күнділікті тіршілігінде, өз ортасында ұқыптылығымен, тазалығымен, тап-тұйнақтылығымен танылған  жан екен. Сұлтан сарайында Шәмси Ахмет Паша мен Сокуллы Мехмет Паша (1505-1579, кейінірек бас уәзір болған) арасында әзіл-шыны аралас шымшыма әңгімелер болып тұрады екен. Бір мәжілісте Шәмси Ахмет Паша Сокуллы Мехмет Пашаға қарап: «Сокуллы! Салдырған мешітіңді құстар саңғырып, ластап кетіпті ғой» деп тиіседі. Сокуллы кідірместен: «Аспан астында тұрған кез келген жер, құстың саңғырымен ластануға лайық емес пе?!» деп жауап береді. Кейінірек Шәмси Паша мешіт салуға ниеттенеді. Сокуллы Пашаға айтқан әзілі есіне түседі. Сәулетші Мимар Синанға барып: «Сен маған үстіне құс саңғырмайтын жерге мешіт салып бер!» деп қолқа салады. Мимар Синан пашаның сөзін жерге тастамай ерекше зерттеу жүргізеді. Зерттеу нәтижесінде солтүстік пен оңтүстіктен соққан желдер түйісетін жерді мешіттің қазіргі тұрған жерінен табады. Сондай-ақ толқындар жағаға ұрғанда пайда болатын дірілді есептейді. Пашаға келіп, қолқа салған мешітіне лайық жерді тапқандығын, алайда теңіздің жағасы болғандықтан мешітті ол жерге салудың қауіптілігін баяндайды. Бірақ паша алған бетінен қайтпайды. Бірнеше кездесуден кейін Миман Синан пашаның ұсынысын қабыл етіп, мешітті сол жерге салуға бекінеді. Мешіттің жанына қосымша бірнеше ғимарат бірге салынады. Осындай ыждаһаттылықпен салынған мешітке, салынған шағынан бері, ешбір құс қонбаған және саңғырығы тимеген деседі...

Бауыржан Әлиұлының фб парақшасынан алынды.

мешіт, Құсқонбас, Мимар Синан
Тәуекел СұлтанТәуекел Сұлтан
8 жыл бұрын 4206
0 пікір
Блог туралы