Жазушылар одағының бір кезекті жиналысында бір жас ақын сөз алып, Сәбит Мұқановқа тиісе сөйлейді. Өлеңдерін сынайды. Қыза келе Сәбит Мұқанов ақын емес дегенді айтады.
Сонда Сәбең тұрып:
– Жаңағы бала дұрыс айтады. Жас кезімде мен де Абайды ақын емес дегенмін , – деген екен.
P/S Кейбір нәрселерді түсіну үшін қырықтан асу керек секілді. Бағзы ғалымдар жасы қырықтан асқан соң ғана пәтуа беруді бастаған деседі.
Бауыржан Әлиұлының фб парақшасынан алынды.