Риядан сақтану
Риядан сақтану

Әйгілі шейх Хасан Тауил әл-Мәлики (1834-1899) Мысыр хедиві Тәуфиқ пашаның (1852-1892) қабылдауына шақырылады. Және оған қабылдауға келгенде киетін ресми киімі де беріледі. Қабылдау уақыты келіп жеткенде шейх Хасан күнделікті киетін қарапайым киімімен келеді. Ал киюге берілген ресми киімді түйіншікке салып әкеледі. Хедивтің құзырына кіргенде: «Егер шапан мен шекпен керек болса мына түйіншектің ішінде тұр. Ал егер Хасан Тауил керек болса, міне алдыңда тұр» дейді. Кейін хедивтің жанында аң-таң болып қалғандарға қарап: «Намазда Раббымның разылығы үшін кимеген әсем киімді Тәуфиқ үшін қалай кимекпін?!» деген екен. 
P/S Алла Тағала баршамызды риядан сақтасын! Жұма мүбарак!
(Хедив-1867-1914жылдар аралығында осман сұлтандары тарапынан тағайындалған Мысыр билеушілеріне берілген атақ)

Бауыржан Әлиұлының парақшасынан алынды.

Тәуекел СұлтанТәуекел Сұлтан
8 жыл бұрын 3283
0 пікір
Блог туралы