Ұялмау
Ұялмау

Имам Шағбидан бір сауал сұралады. Ол: «Мен бұл сауалдың жауабын білмеймін» деп жауап береді. Мәжілісте отырғандардың бірі: «Куфа мен Басраның ең атақты ғұламасы бола тұра білмеймін деп айтуға ұялмайсың ба!» дейді. Имам Шағби: «Періштелер Алла Тағалаға: «Сен Пәксің! Бізде Өзің үйреткеннен өзге білім жоқ» (Бақара, 32) деп айтқанда ұялмаған болатын. Мен неге «білмеймін» деп айтудан ұялым керек» деген екен. 
P/S Білмегенді білмеймін деп айту ұят емес. Білмегенді білемін деп айту өте қатерлі іс. Қайырлы күн! Күндеріңіз сәтті, сауапты өтсін!

Бауыржан Әлиұлының парақшасынан алынды.

Тәуекел СұлтанТәуекел Сұлтан
7 жыл бұрын 2940
0 пікір
Блог туралы