Айта білу...
Айта білу...

Айта білу...

Сахаба Хажиб ибн Зурара мұсылман болмай тұрған шағында парсы патшасы Ануширванның (501-579) сарайына келеді. Сарай есігінде тегі араб нөкер тұрады. Хажиб кіруге рұқсат сұрайды. Нөкер келіп патшаға бір арабтың кіруге рұқсат сұрап тұрғандығын баян етеді. Патша: «Бұл араб, арабтың қайсысына жатады екен әуелі соны сұра» дейді. Нөкер келіп сұрағанда Хажиб: «Жай арабтың бірі деп айт дейді. Нөкер қайта келіп патшаға Хажибтің жауабын жеткізеді. Патша құзырына кіруге рұқсат береді. Хажиб патшаның алдына шыққанда патша: «Сен кімсің?» деп сұрайды. Хажиб: «Барша арабты билеген мырзасымын» деп жауап қатады. Патша таң қалып: «Осы жаңа ғана «жай арабтың бірімін» деп айтқан сен емессің бе?!» дейді. Хажиб: «Иә, дұрыс айтасыз. Сарайдың есігінде тұрғанымда өзге арабтан артықшылығым жоқ жай арабтың бірі едім. Алайда патшаның құзырына шығып, оның тұсына келгенімнен бері «барша арабты билеген мырзасына айналдым» деп жауап береді. Ануширван нөкерлеріне қарап: «Мынаның аузын інжу-маржанға толтырыңдар!» деген екен.

Бауыржан Әлиұлының фб парақшасынан алынды. 

Тәуекел СұлтанТәуекел Сұлтан
8 лет назад 3511
0 комментариев
О блоге