Кішіпейілділік
Кішіпейілділік

Халифа әл-Муқтадир Билланың уәзірі Әли ибн Иса (245-335/859-946) тақуа кісінің бейнесінің жасап, қарапайым киінуге күш салып кішіпейіл көрінгісі келеді екен. Және осы бейнесінің өзгеден артық көрініп, елдің алдында байқалуына қатты мән береді екен. Бір күні уәзірдің құзырына қази Әбу Омар (243-320) кіреді. Қазидің үстінде қымбат киім болады. Уәзір мұны пайдаланып қазиді ұялтқысы келеді. Тамағын кернеп: «Уа, Әбу Омар! Мына үстіңдегі киімді қаншаға сатып алдың?» деп сұрайды. Қази: «Екі жүз динарға сатып алдым» деп жауап береді. Уәзір: «Ал мен мына менің үстімдегі шапанды және астындағы көйлекті бар болғаны жиырма динарға сатып алдым» дейді. Қази: «Алла Тағала уәзірдің мәртебесін арттырсын! Уәзір киімге көрік береді. Киімге үлкен мән бермейді. Үлкен күш салмайды. Себебі жұрт әсем киімнің оның мәртебесін түсіретіндігін біледі. Ал біз киіммен әсем көрінеміз. Оған үлкен мән береміз. Себебі біз қарапайым ел-жұртпен араласамыз. Киімді көріп бағалайтындармен іс жүргіземіз. Айбатты болып көрінгіміз келеді» деген екен. Осы сөзді естіген уәзірдің аузынан құм құйылып, ләм деп жақ ашпапты.

P/S Кішіпейілдік ғалымдардың айтуы бойына қарапайым киініп, тақуа кісінің бейнесін жасау емес. Нағыз кішіпейілдік қор болып кетпеу мен тәкаппар болмаудың арасы. Қайырлы күн! Күндеріңіз сауапты іске толы болып өтсін!

Бауыржан Әлиұлының фб парақшасынан алынды

Тәуекел СұлтанТәуекел Сұлтан
8 лет назад 3542
0 комментариев
О блоге