Құдай қаласа...
Құдай қаласа...

Бір кісі есек сатып алмақшы болып базарға баруға бел байлайды. Жолда досы кездесіп қалады. Досы: «Қайда барасың?» деп сұрайды. Ол: «Мен есек сатып алмақ болып базарға кетіп барамын» деп жауап береді. Досы: «Құдай қаласа деп айт!» дейді. Ол: «Бұл «Құдай қаласа» деп айтудың жөні келмейтін жер. Дирһамдарым қалтамда. Есек базарда» дейді. Сонымен базарда жібі түзу есек іздеп біраз жүріп қалады. Сөйтіп жүргенде қалтадағы дирһамдары ұрланады. Не ақшасы жоқ, не алған есек жоқ басы салбырап үйіне қайтады. Жолда әлгі жосы қайта жолығады. Оған қарап: «Не қылдың?» деп сұрайды. Ол: «Дирһамдар ұрланды Құдай қаласа» деп жауап берген екен.

P/S Кез келген істе «Құдай қаласа» деп айт жүрейік! Қайырлы күн!

Бауыржан Әлиұлының фб парақшасынан алынды. 

Тәуекел СұлтанТәуекел Сұлтан
8 лет назад 3433
0 комментариев
О блоге