Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын!
Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын!

Осман сұлтаны Абдулазиздің бас уәзірі Кечежизаде Фуад Паша (1814-1868) Ресейге келеді. Орыс патшасы Фуад Пашамен кездескенде: «Паша! Мына пәленше деген жерді бізге сатсаңдар қайтеді?» дейді. Фуад Паша: «Сіздің құрметіңіз үшін сатайық, Ұлы мәртебелім!» дейді. Патша: «Қаншаға сатасыңдар?» деп сұрайды. Фуад Паша: «Алған бағамызға сатайық» деп жауап қатады. Сұраған жерінің мыңдаған шейіттің қанымен қорғалғандығын білетін патша сұп сұр болып кеткен екен. 
P/S Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын! Мыңдаған бабамыздың тәуелсіздік жолында шейіт болғандығын ұмытпайық! Тәуелсіздіктің тек алған бағаға сатылатындығын ұмытпайық! Бабаларымыздың ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап қалып, аманаттап кеткен жерінің қадірін білейік!

Бауыржан Әлиұлының парақшасынан алынды. 

Тәуекел СұлтанТәуекел Сұлтан
8 лет назад 2692
0 комментариев
О блоге