Тиісті іспен айналысу
Тиісті іспен айналысу

 

Осман сұлтаны III Мұстафаның бас уәзірі Кожа Рағып Пашаның сарайында (1698-1763) рамазан айында ораза жайлы сөз қозғалады. Рағып паша мәжілісте отырған шайыр Хашметке (1768) қарап: «Хашмет! Сенің де қарызың бар ма?» деп сұрайды. Хашмет! Иә, мырзам! Махалланың дүкеншісіне мың құрыш (ақша түрі), қасапшысына бес жүз құрыш қарызбын»деп жауап береді. Рағып паша жимиып: «Оны сұрап тұрғаным жоқ. Осы оразада ұстай алмай қалған қарыз күнің бар ма деп сұрап тұрмын» дейді. Шайыр Хашмет: «Пашам! Оразаның қарызын Алла сұрайды. Сіздің сұрайтыныңыз құлдың қарызы» деген екен. 

P/S Жанымызда жүрген кісінің құлшылығына араласып тергеумен айналыспайық. Өзімізге тиісті іспен айналысайық. Қайырлы күн!

Бауыржан Әлиұлының парақшасынан алынды.

Тәуекел СұлтанТәуекел Сұлтан
8 лет назад 2728
0 комментариев
О блоге