Ақыл жастан...
Ақыл жастан...

Ақыл жастан...
Омар ибн Абдулазиз халифа болғанда құттықтауға шартараптан делегациялар келеді. Солардың арасында Хижаздан келген делегация болады. Рет-ретімен шығып халифаны құттықтап жатқанда хижаздық делагацияның атынан жас бала шығады. Құттықтауға бекініп тұрғандығын байқаған халифа: «Сенен жасы үлкен кісі шығып сөйлесін! Сөйлеуге сенен гөрі сол лайықтырақ» дейді. Жас бала: «Уа, момындардың әміршісі! Келелі істің барлығы сіздің айтқаныңыздай жүзеге асып отырса, сіздің орныңызға сізден лайықты адам отырар еді ғой» деген екен. (Омар ибн Абдулазиз таққа отырғанда жасы отыз сегізде болған)
P/S Өзіңізден жасы кішілердің де пікірін тыңдап жүріңіз. Көптеген мәселе жасы үлкендікпен шешілмейді. Қайырлы күн!

Бауыржан Әлиұлының парақшасынан алынды.

Тәуекел СұлтанТәуекел Сұлтан
7 жыл бұрын 2604
0 пікір
Блог туралы