Өз ісін білу...
Өз ісін білу...

Халифа Һишам ибн Абдулмәлік (71-125/691-743) табиғин Ағмашқа (61-147) «Маған сахаба Османның жақсы қасиеттері жайлы, ал сахаба Әлидің жағымсыз кемшіліктері жайлы жазып бер!» деген хатпен нөкерін жібереді. Нөкер хатты Ағмашқа жеткізеді. Ағмаш хатты қолына алып оқып шығады. Артынша күйсеп тұрған суалықтың аузына хатты салып жібереді. Саулық шайнап хатты жұтып қояды. Нөкерге қарап: «Оған хаттың жауабы осылай болды деп сәлем айт» дейді. Нөкер: «Ол сенен жауапхат әкелмесем, мені өлтіремін деп ант ішті. Маған жаның ашысын! Жауап жазып бер!» деп қиылады. Ағмаштың жанында отырғандар: «Әбу Мұхаммед (Ағмаш)! Жанын аралашалап алып қалсаңшы» деп өтініш жасайды. Осындай мазмұндағы сөздерді бірнеше мәрте қайталайды. Ағмаш қолына қалам алып: «Аса рақымды, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын! Уа, момындардың әміршісі! Сахаба Османның бойында бүкіл жер бетіндегі адамның жақсы қасиеті болса да саған оның тигізер пайдасы жоқ. Сондай-ақ сахаба Әлидің бойында бүкіл жер бетіндегі адамның жағымсыз қасиеті болса да саған тигізер зарары жоқ. Сондықтан әуелі өзіңді түзе! Уәс-сәлам!» деп жазған екен. 

P/S Өзгелердің жағымды яки жағымсыз қасиеттерін тізбектеумен айналыспай, өзімізді түзеумен айналысайық. Жұма мүбарак!

Бауыржан Әлиұлының парақшасынан алынды. 

Тәуекел СұлтанТәуекел Сұлтан
7 жыл бұрын 2425
0 пікір
Блог туралы