Бәдәуидің шешендігі.
Бәдәуидің шешендігі.

Көктен бір тамшы жаңбыр түспей қуаңшылық жайлаған жылдары бәдәуи арабтар халифа Омар ибн Абдулазизге жағдайды баяндау үшін арнайы делегация жасақтайды. Делегация халифалықтың сол шақтағы орталығы Дамаск қаласына келеді. Халифаның құзырына шыққанда араларынан бір жас жігіт шығып: «Уа, момындардың әміршісі! Біз барша азығымызды жалмаған жұт жылдарға тап болдық. Әуелгі жыл майды ерітті. Екінші жыл етті жеді. Үшінші жыл сүйекті уатты. Естуімізше сендерде артық азық бар. Егер артық азық бізге тиесілі болса, оны бізге бермей неге сорып жатырсыңдар?! Егер Аллаға тиесілі болса, Алланың құлдарына таратып беріңдер! Ал егер сендерге тиесілі болса, бізге оны садақа етіңдер! Расында Алла Тағала садақа бергендерге еселеп сауап жазады» дейді. Халифа: «Уаллаһи! Мына бәдәуи қолдағыны бермеуге бізге ешбір сылтау қалдырмады» деп жігіттің шешендігіне қайран қалған екен. 
Қайырлы күн! Алла істеріңізге береке берсін!

Бауыржан Әлиұлының парақшасынан алынды. 

Тәуекел СұлтанТәуекел Сұлтан
8 жыл бұрын 2891
0 пікір
Блог туралы