Кісілігімізді жоғалтпайық!
Кісілігімізді жоғалтпайық!

Осман сұлтаны II Махмұттың (1785-1839) тұсында мемлекет қайраткері Халет Әпәнді (1760-1823) қатігездігімен, кекшілдігімен танылады. Ол мемлекет қазынасында жұмыс істейтін Моралы Осман Әпендінің бір мәжілісте өзіне жағымпаздық көрсетпегендігіне кектеніп қалады. Реті келгенде оны Анатолияға түкке тұрғысыз істерге жұмсап, кегін алуды ойлайды. Алайда Осман Әпенді ләм деместен берілген бұйрықты бұлжытпай орындайды. Кейінірек ыңғайы келгенде біраз оған қиянат жасап, қызметін төмендетеді. Арада біраз уақыт өтеді. Бір күні оған Осман Әпендінің сәлем беруге үйіне келіп тұрғандығын қызметкері естіртеді. Халет Әпенді өзі аулаға жүгіріп шығып оны күтіп алады. Үйге кіргізіп керемет дастархан жаяды. Қоштасып үйден шығуға бет алғанда есіктің аузына дейін өзі шығарып салады. Мұның барлығын көріп тұрған шайыр Иззет молда (1786-1829): «Әпендім! Мына адамға жасамаған қиянатың қалмап еді. Енді келіп осынша ілтипат көрсетуіңіздің мәні неде?!» деп таңдана сұрайды. Халет Әпенді: «Дұрыс айтасың! Мен оның қолындағының бәрін тартып алдым. Қиянат жасадым. Бірақ оның бойында «кісілік» бар, сонысын ала алмадым. Сол «кісілігін» көрген сәтте сыйлауға, құрмет көрсетуге мәжбүр боламын» деп жауап қатқан екен. 
P/S Қандай жағдайға тап болсақта, «кісілігімізді» жоғалтып алмайық! Қайырлы күн! 
(Әпенді сөзі мырза, оқымысты, құрметті адам дегенді білдіреді)

Бауыржан Әлиұылының парақшасынан алынды.

Тәуекел СұлтанТәуекел Сұлтан
8 жыл бұрын 2442
0 пікір
Блог туралы