Уәжге тоқтау
Уәжге тоқтау

Халифа Һарун Рашидтің уәжге тоқтауы
Бір кісі халифа Һарун Рашидтің билігіне қарсы шығып, ел арасына бүлік салады. Біраз уақыт өткен соң әлгі харижит реті келіп қолға түседі. Дереу халифаның құзырына жеткізіледі. Халифа оған қарап тұрып: «Мен саған не істейін?» деп сұрайды. Харижит: «Ертең Алланың құзырында шыққаныңда Алланың саған не істеуін қаласаң соны істе» деп жауап жауап береді. Халифа сәл ойланып: «Мынаны босатып, жібере салыңдар!» дейді. Сол мәжілісте отырған уәзірлердің бірі: «Уа, момындардың әміршісі! Әлгіні ұстау үшін қаншама қаражат жұмсадыңыз, жауынгерлерді титықтатып шаршаттыңыз. Енді келіп айтқан бір ауыз сөзіне бола, жібере салдыңыз?! Бұл үрдіс осылай жалғаса беретін болса халифаның ешбір дұшпаны қорықпайтын болады» дейді. Халифа: «Әлгіні кері қайтарыңдар!» деп бұйырады. Харижит халифаның құзырына қайта шығады. Халифаның ойын жанында отырғандардың өзгертіп, қиянат жасамақ болып бекінгендіктерін байқайды. Халифаға қарап: «Уа, момындардың әміршісі! Қолға түскен тұтқының жайлы ешкімнің сөзін тыңдама! Мен жайында өз ойыңда қал! Егер Алла Тағала сен жайында біреудің сөзін тыңдайтын болса, сен мына тақтың үстінде бір сәт отырмас едің» дейді. Халифа: «Мынаны босатып жіберіңдер! Қайтіп құзырыма әкелмеңдер» деген екен. 
(Харижит – исламның алғашқы ғасырында саяси мақсатта пайда болған, діни-саяси тақырыптарда әсіре көзқарас, іс-әрекеттерімен танылған топтың мүшесі)

Бауыржан Әлиұлының парақшасынан алынды. 

Тәуекел СұлтанТәуекел Сұлтан
8 жыл бұрын 2870
0 пікір
Блог туралы