Денсаулықтың қадірін білу.
Денсаулықтың қадірін білу.

Зұлымдығымен танылған Ирак әміршісі Хажжаж ибн Юсуфтің шөлге шығуға көңілі ауып сарайынан шығып кетеді. Нөкерлері шатыр тігіп, Хажжаж төрге жайғасады. Алдына түскі асы келеді. Кенеттен шатырдың тұсынан өтіп бара жатқан бәдәуиге көзі түсіп: «Уа, Бәдәуи! Кел бері! Дәмнен ауыз ти!» деп айқайлайды. Бәдәуи шатырға кіріп: «Сенен құрметті біреу шақырған еді. Соның шақыруын қабыл алдым. Ас ішпеймін» дейді. Хажжаж таңданып: «Ол кім?» деп сұрайды. Бәдәуи: «Құдіреті кішті Алла Тағала! Маған бүгін ораза ұста деп шақыртты. Мен оның бұйрығын бұлжытпай бүгін ораза ұстадым» деп жауап қатады. 
-Дәл осындай күйіп тұрған ыстықта ма?
-Мен, бұл күннен ыстық болатын күнге дайын болуы үшін ораза ұстадым. 
-Олай болса, бүгін аузыңды ашып жібер! Нәпіл ораза емес пе?! Ертең қазасын өтей саласың. 
-Әмірші, ертең өмір сүретіндігіме кепілдік бере ме екен?
-Жоқ. Бере алмаймын. 
-Олай болса, ертеңгінің ісін бүгін болсын деп неге сұрайсың?
-Біздің асымыз өте дәмді. Тіл үйіреді. 
-Уаллаһи! Асыңды дәмді етіп отырған наубайшың да емес, аспазың да емес. Асыңды дәмді еткен денсаулығың! 
Хажжаж: «Уаллаһи! Бүгінгідей күн басымнан өткен емес. Мынаны шатырдан алып кетіңдер» деп нөкерлеріне бұйырған екен. 
P/S Денсаулықтың қадірін білейік ағайын! Қайырлы кеш!

Бауыржан Әлиұлының парақшасынан алынды. 

Тәуекел СұлтанТәуекел Сұлтан
8 жыл бұрын 2964
0 пікір
Блог туралы