Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаның (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) немерелері Хасан мен Хұсейн (Алла екеуіне де разы болсын) сөзге келіп қалып, біраз уақыт ренжісіп жүреді. Сонымен бәз біреулер Хұсейнге келіп: «Ағаңа барып, кешірім сұрасаңшы. Ол сенен үлкен емес пе?» дейді. Хұсейн: «Сауапты әуелі кешірім сұраған кісі алады екен. Ағамның алдына түсіп, сауапты алып одан артық болғым келмейді» дейді. Мұны естіген Хасан Хұсейнге өзі келген екен.
P/S Ағайынмен ренжіскен шақта «мен одан үлкенмін немесе кішімін ғой» деп бәлсінбей кешірім сұрауға асығайық. Өмірдің қысқа, ренжісуге тұрмайтындығын ұмытпайық. Қайырлы күн.
Бауыржан Әлиұлының парақшасынан алынды.