Сахаба Хасанның (Алла оған разы болсын) даналығы
Сахаба Хасанның (Алла оған разы болсын) даналығы

Ибн Айша Шамдық бір кісінің бастан кешкен уақиғасын былай деп тарқатады. 
«Мен пайғамбардың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) қаласына келдім. Қалада қашырға мінген бір кісіні көрдім. Мен одан асқан жүзі сұлу, ажарлы, киімі жарасымды және көлігі келісті адамды көрмеген екенмін. Әлгі кісіге ынтам ауып, кім екендігін біреуден сұрадым. Ол маған: «Бұл Хасан ибн Али ибн Әбу Тәлиб қой!» деп жауап қатты. Сөзін естіген бетте жүрегіме Хасанға деген жеккөрушілік толып кетті. Әлидің осындай ұлы бар екендігіне көзім жетіп қызғанып кеттім. Оның тұсына келіп: «Әли ибн Әбу Тәлибтың ұлы сенбісің?» дедім. Ол маған қарап: «Иә. Соның ұлымын» деп жауап қайырды. Мен Хасан және оның әкесі Әли жөнінде аузыма келгенді айттым. Айтарға былапыт сөзім қалмады. Ол мені соңына дейін тыңдап: «Сен бұл жердің адамына ұқсамайсың. Сырттан келдің бе?» деп сұрады. Мен: «Иә, бұл жердің кісісі емеспін» дедім. Ол: «Олай болса, сен бізбен жүр! Егер қонақтап түнейтін жер керек болса, сенің жақсы жерге түсірейік. Дүние керек болса, оны айт. Саған дүние берейік. Қандай да бір мұқтаждығың болса, оны да айт. Қол ұшын созып, өтеп берейік» деді. Мен қатты ұялып одан сырт айналғанымда маған мына дүниедегі ең сүйікті адам болып көрінді. Оған не айтқанымды, оның маған не айтқандығын ойланып оған алғыс айттым. Істеген ісіме өкініп, өзімді-өзім қатты жазғырдым».

Бауыржан Әлиұлының парақшасынан алынды.

Тәуекел СұлтанТәуекел Сұлтан
7 жыл бұрын 2721
0 пікір
Блог туралы