Кешірім сұрай білу
Кешірім сұрай білу

Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаның (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) немерелері Хасан мен Хұсейн (Алла екеуіне де разы болсын) сөзге келіп қалып, біраз уақыт ренжісіп жүреді. Сонымен бәз біреулер Хұсейнге келіп: «Ағаңа барып, кешірім сұрасаңшы. Ол сенен үлкен емес пе?» дейді. Хұсейн: «Сауапты әуелі кешірім сұраған кісі алады екен. Ағамның алдына түсіп, сауапты алып одан артық болғым келмейді» дейді. Мұны естіген Хасан Хұсейнге өзі келген екен.

P/S Ағайынмен ренжіскен шақта «мен одан үлкенмін немесе кішімін ғой» деп бәлсінбей кешірім сұрауға асығайық. Өмірдің қысқа, ренжісуге тұрмайтындығын ұмытпайық. Қайырлы күн. 

Бауыржан Әлиұлының парақшасынан алынды.

Тәуекел СұлтанТәуекел Сұлтан
7 жыл бұрын 4269
1 пікір
  • Кешірім сұрағанның қадірін білмей, бəлсінетіндер де болады. Немесе мені кешіре береді деп, жаныңа жара сала беретіндер де болады.
    7 жыл бұрын
Блог туралы