Денсаулықтың қадірін білу.
Зұлымдығымен танылған Ирак әміршісі Хажжаж ибн Юсуфтің шөлге шығуға көңілі ауып сарайынан шығып кетеді. Нөкерлері шатыр тігіп, Хажжаж төрге жайғасады. Алдына түскі асы келеді. Кенеттен шатырдың тұсынан өтіп бара жатқан бәдәуиге көзі түсіп: «Уа, Бәдәуи! Кел бері! Дәмнен ауыз ти!» деп айқайлайды. Бәдәуи шатырға кіріп: «Сенен құрметті біреу шақырған еді. Соның шақыруын қабыл алдым. Ас ішпеймін» дейді. Хажжаж таңданып: «Ол кім?» деп сұрайды. Бәдәуи: «Құдіреті кішті Алла Тағала! Маған бүгін ораза ұста деп шақыртты. Мен оның бұйрығын бұлжытпай бүгін ораза ұстадым» деп жауап қатады. -Дәл осындай...