Сахаба Хасанның (Алла оған разы болсын) даналығы
Ибн Айша Шамдық бір кісінің бастан кешкен уақиғасын былай деп тарқатады. «Мен пайғамбардың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) қаласына келдім. Қалада қашырға мінген бір кісіні көрдім. Мен одан асқан жүзі сұлу, ажарлы, киімі жарасымды және көлігі келісті адамды көрмеген екенмін. Әлгі кісіге ынтам ауып, кім екендігін біреуден сұрадым. Ол маған: «Бұл Хасан ибн Али ибн Әбу Тәлиб қой!» деп жауап қатты. Сөзін естіген бетте жүрегіме Хасанға деген жеккөрушілік толып кетті. Әлидің осындай ұлы бар екендігіне көзім жетіп қызғанып кеттім. Оның тұсына келіп: «Әли ибн Әбу Тәлибтың ұлы сенбісің?»...